Ұлттық ұланда BOOKGUARD әдеби челленджі іске қосылды

  • 10
  • 06.04.2026, 21:39

 Бастаманы алғаш болып, Түркістан қаласының 5574 әскери бөлімі қолға алды. Жоба аясында сарбаздарға кемінде үш кітап оқу ұсынылады. Оқырмандық белсенділікті арттыру үшін ынталандыру жүйесі де қарастырылған. Әскери қызметшілер «Айдың үздік оқырманы», «Оқу көшбасшысы», «Кітапхана белсендісі» және «Жылдың үздік оқырманы» номинациялары бойынша сынға түседі. Жыл қорытындысы бойынша үздік оқырмандар оқыған кітаптарын комиссия алдында талқылап, арнайы төсбелгімен марапатталады. Ал олардың фотосуреттері арнайы стендке ілінеді.

Әлібек Әбділов, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ресми өкілі:

-Қазіргі таңда жеке құрам арасында кітап оқуға қызығушылықтың артқаны байқалып отыр. Әскери бөлім кітапханасы 100-ден аса тұрақты оқырманды біріктіріп, әскери қызметшілердің мына зияткерлік, тұлғалық дамуына ықпал ететін маңызды алаңға айналуда. Жалпы жоба оқу мәдениетін қалыптастырып, ұландықтардың білім деңгейін арттыруға оң әсер етеді деп сенеміз.