«Сергеев» су қоймасы тасып жатыр

  • 9
  • 06.04.2026, 21:48

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Сергеев» қоймасы ернеуінен асып, бөгет үстімен бір метр 19 сантиметр биіктікте су ағып жатыр. «Бірақ судың деңгейі қауіпті межеге жеткен жоқ», - дейді синоптиктер. Биыл өңірдегі ең ірі гидрологиялық нысан 2,6 млрд текше метр су қабылдайды деп жоспарланып отыр. Төтенше жағдайлар қызметкерлері 112 елді мекенді бақылауға алған. Облыс бойынша көктемгі тасқынға қарсы 23 шақырым бөгет салынып, нығайтылды. Сонымен қатар арықтар тазартылып, су өткізгіш құбырлар орнатылды.