Ақмола облысының Қорғалжын ауданында «Шөптікөл» бөгетін су бұзып кетті. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан 2 шақырым жерде орналасқан. Қарғын су бірден алқапқа жайылғанымен, жолдың жүру бөлігіне өтпеген. «Астана-Қорғалжын» республикалық автожолындағы көлік қозғалысы да шектелген жоқ»,-дейді жергілікті билік өкілдері. Қазір мамандар бөгетті қалпына келтіріп, жағасын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Бұл жұмысқа 200-ден астам адам мен 59 техника жұмылдырылған.
Алмас Алин, Қорғалжын ауданының әкімі:
-Қазіргі уақытта үйлерді су басатын қауіп жоқ. Барлық жұмыстар штаттық режимде жүріп жатыр. Жолдар бұзылған жоқ. Барлығы қалыпты режимде.