Қостанай облысында тасқын қаупі сейілді

  • 8
  • 07.04.2026, 21:37

Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері хабарлады. Екі айға жуық оңтүстік аудандарда табиғи апаттың алдын алу шараларын жүргізген арнайы топ жасақтары тұрғылықты жерлеріне оралды. Жан-жақты дайындық, жедел әрекеттің нәтижесінде үй-жайларды су басу дерегі тіркелген жоқ. Қазіргі кезде тек екі жол бағыты бақылауда қалып отыр. Бірі аудандық маңыздағы, екіншісі Ресеймен шекара аралығындағы жол үстін су шайған еді. Ол аумақтарда құтқарушылар әлі де тәулік бойы кезекшілік атқаруда.  

Асхат Көшеғұлов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Гидробекеттерде судың деңгейі қауіпті шектен аспайды. Бүгінде тасқын қаупі бәсеңдеген. Алқаптарда еріген қар суы Тобыл өзеніне бағытталды. Асып, таситын деңгейде емес. Әдетте Амангелді, Жанкелдин аудандарына Ұлытау жақтан келетін су қауіп төндіретін. Биыл ондай жағдай болған жоқ.