Ақмола облысындағы Ескі Колутон ауылының жолын су шайып кетті. Қазір құтқарушылар елді мекендегі 500-ге жуық тұрғынға қажетті заттарды қайықпен жеткізіп жатыр. «Қарғын су ауыл ішіндегі аулаларға дейін жайылғанымен, үйлерге кірген жоқ»,- дейді жауаптылар. Сондай-ақ осыдан үш күн бұрын Қалқұтан өзеніндегі су деңгейін өлшеуге шыққан гидробекет қызметкері жоғалып кеткен еді. Қазір 60 жастағы ер адамды құтқарушылар мен сүңгуірлер іздеп жатыр. Жалпы облыс бойынша су тасқынына байланысты жағдай тұрақталып келеді. Мамандар өзен-көлдердегі жағдайды тәулік бойы бақылап отыр.
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
-Астрахан ауданында қауіп жоқ. Бүгінгі міне көріп отырсыздар 10 сантимертге судың жанағындай деңгейі төмендеді. Су ағысы жақсы. Өзі екпінімен кетіп жатыр. Бұл су Есілге барып, құйылып жатыр. Сондықтан елді мекендерге қауіп жоқ деп нақты айта аламыз.