Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақтарды қорғау шаралары күшейтілді. Қазір өңірдің таулы бөктері мен Ордабасы, Бәйдібек және Созақ аудандарында Грейг және Кауфман қызғалдағы жайқалып тұр. Табиғи байлықты сақтау мақсатында экология полициясы мен орман шаруашылығы инспекторлары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Арнайы рейдтер ұйымдастырылып, тұрғындарға үгіт-насихат жүргізіп жатыр. Мамандардың мәліметінше, заң талаптарын бұзғандарға 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Әзірге ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген. Жедел-профилактикалық шаралар маусым айының соңына дейін жалғасады.
Данияр Сейітов, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:
- Табиғи жолмен өсетін қызғалдақтар. Оның өсіп, жерге шыққаннан кейін гүлдеу процестері ең ұзағымен 2,5 аптаға дейін созылады. Қазір жерге шығып, қып-қызыл болып жайқалып тұр. Қазіргі таңда тозаңдану процестері жүріп жатыр. Қызыл кітапқа енгізілген қызғалдақтардың бір данасын да жұлуға тыйым салынған. Ол қылмыстық кодекспен қарастырылған.