Ұлытау облысында алғашқы көтерме-тарату орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Нысан биыл күзде іске қосылады. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің жай-күйімен танысып, шаруалармен бірқатар мәселені талқылады. Өңірде инвесторлардың қатысуымен құны 3 млрд теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылды. Қазір аймақта агроөнеркәсіп кластерін қалыптастыру және Жезқазғанда 500 мал басына арналған тауарлы сүт фермасын салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.