Қарағандыда ІІМ академиясының базасында пилотсыз ұшу аппараттарын басқаруға арналған арнайы оқу бағдарламасы іске қосылды. Оқу орнында заманауи ғылыми зертхана ашылып, курсанттар дрондарды басқару және олардың техникалық ақауларын жөндеу бойынша білім алады. Қазіргі таңда арнайы курстан өткен мамандар 250 тыңдаушыны оқытып жатыр. Пилотсыз ұшу аппараттары құқық бұзушылықтарды тіркеуге, әуе мониторингін жүргізуге, жедел операцияларға қатысуға және қылмыстарды ашуға мүмкіндік береді.
Ерлан Намысов, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының орынбасары:
- Бүгінгі күнде ол өте маңызды, өте орынды, өте керекті мамандық. Біздің түлектер оған көп көңіл бөледі. Болашақта бүкіл біздің тыңдаушыларды осы мамандыққа үйретеміз. Біздің мұғалімдер әдейі Астана қаласында сабақ оқыды. Соған сертификат алып, осы мамандықты біздің түлектерге үйретуге күш салып жатырмыз.