Психологтардың қызметі заңмен реттеледі

  • 7
  • 08.04.2026, 21:41

Енді елімізде психологтар мемлекеттік тізілімге тіркелуге міндеттеледі. Аталған заң жобасы бүгін Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды. Ұсынылған жаңашылдық психолог мамандарының құқығы мен міндеттерін нақты белгілейді. Яғни этикалық нормаларды сақтау, ақпараттандырылған келісім алу, құпиялылықты қамтамасыз ету талаптарын орындауы шарт. Кәсіби құпияны сақтау мен клиенттің келісімінсіз ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу мәселесі де назарға алынған. Сондай-ақ кәсіби біліктілік пен қайта даярлау талаптары жүйеленіп, кемінде бес жылда бір рет біліктілікті арттыру міндеті қарастырылады.

Айна Мысырәлімова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қызмет сапасын арттыру мақсатында стандарттау, кәсіби жауапкершілікті күшейтуге бағытталған нормалар қарастырылған. Сондай-ақ психологиялық қызметтің әдістері мен тәсілдері белгіленеді. Мысалы, психолог өз қызметі аясында психодиагностика жүргізуде, кееңс беруде, психокоррекциялық әдістерді қолдануға, оңалту, дағдарыстан шығу көмегін көрсетуге құқылы.