Су үнемдеу технологияларына көшкен шаруаларға қолдау көрсетіледі

  • 8
  • 10.04.2026, 21:40

Елімізде су үнемдеу технологияларына көшкен шаруаларға қолдау көрсетіледі. Бүгінде инфрақұрылым тарту кезінде ұңғымалар қазуға, сондай-ақ су үнемдеу жүйелерін сатып алу мен орнатуға кеткен шаруа шығынын өтеу 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ тариф құнына қарай суармалы жерге берілетін субсидияның сараланған мөлшері енгізіліп отыр. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында да қалалар мен ірі елді мекендерде су үнемдеу технологияларын енгізу қарастырылуда.

Талғат Момышев, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:

- Егер бұрын жыл сайын қамту көлемі 30–35 мың гектарды құраса, 2024-2025 жылдары бұл көрсеткіш жылына шамамен 150 мың гектарға жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша су үнемдеу технологиялары қолданылған алқаптар 543 мың гектарды құрап, нәтижесінде 874 млн м³ суару суын үнемдеуге мүмкіндік берді.