Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мамандары 3 күнге осындай болжам ұсынды. Оған сәйкес, батыс пен оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. 11 сәуірге қараған түні шығыста қар жауады. Ал батыста нөсер жауын, тіпті бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ республика бойынша қалың тұман түседі.