Елімізде мектеп бітіру кештерін өткізу тәртібі нақтыланды

  • 6
  • 13.04.2026, 20:57

Бітіру кештерін оқу орнынан тыс жерде ұйымдастыруға рұқсат берілмейді. Ата-аналар мен оқушылардан қаражат жинауға қатаң тыйым салынды. Жергілікті атқарушы органдар түлектер үшін маңызды іс-шаралардың артық шығынсыз өткізілуін ұйымдастыруы керек. Ал полиция қоғамдық тәртіп пен оқушылардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтеді.