«Air Astana» мен «FlyArystan» әуе компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көлік министрлігі авиациялық отынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеріс жүргізген. Нәтижесінде әуе тасымалдаушылардың авиаотын көлеміне қатысты бұрмаланған мәліметтер ұсынғаны анықталды. Аталған заңбұзушылықтарға байланысты компанияларға әкімшілік шаралар қолданылды. Әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.