Қазақстанда есірткі қылмысына туыстарды тарту деректері көбейген. Ішкі істер министрлігі «отбасылық» қағидатпен құрылған қылмыстық топтардың жолын кесуде. Он күннің өзінде заңсыз айналымнан бір тоннаға жуық есірткі тәркіленді. Мәселен, Алматыда бір келі синтетикалық есірткі мен атыс қаруын тасымалдаған ағайынды екі азамат ұсталды. Ал облыста бір топ туыстар фитозертхана ұйымдастырып, қарасора өсіргені анықталды. Тексеру барысында 102 түп өсімдік пен 61 келі марихуана тәркіленді. Тағы бір Алматы тұрғыны әпкесінің сенімін пайдаланып, оның пәтерінде есірткі қаптаған. Ұстау кезінде 100-ден астам zip-lock пакет пен шамамен 500 грамм мефедрон тәркіленді. Қазір барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аса ірі көлемде есірткі өткізгені үшін олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.