Жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

  • 10
  • 16.04.2026, 21:37

Елде жас мамандарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылады. Тиісті шешім Құрылыс Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес қабылданды.

Бағдарлама бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асып, жастарға арзан бағамен уақытша баспана алуға мүмкіндік беріп келген. Ай сайынғы жалдау ақысы 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейін болды. Бұл олардың өз үйін сатып алу үшін бастапқы жарнаға қаражат жинауына жәрдем еді. Жоба аясында 10 мыңнан астам жас қазақстандық осындай мүмкіндік алды. Алайда тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз тек жалға берілді. Енді бағдарлама ресми түрде жабылады. Дегенмен қазір тұрып жатқан азаматтар келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін пәтерде тұра алады.