Алматыда дәрі-дәрмек бағасы тексерілді

  • 10
  • 16.04.2026, 21:41

Алматыда арнайы комисиия 60-қа жуық дәріханаға тексеріс жүргізді. Мониторинг барысында мамандар дәрі-дәрмектердің бағасына жан-жақты сараптама жасаған. Олардың халыққа қолжетімділігін бағалаған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды. Елде әлеуметтік маңызы бар бірқатар дәрі түрлеріне шекті баға бекітілген. Бұл механизм олардың белгіленген мөлшерден қымбаттап кетпеуін қамтамасыз етеді.

Мамандардың айтуынша, тексеріс нәтижесінде бағаның күрт өсу фактілері тіркелмеген. Алайда дәріханалар арасындағы баға айырмашылығын байқалған.

Зәуре Аманжолова, қалалық Қоғамдық кеңес №6 комиссиясының төрағасы:

- Баға ана дәріханада осынша тұруы мүмкін, мына жерде 200-300 теңге қымбатырақ тұруы мүмкін. Оны да байқадық. Оның бәрін жазып, өзіміздің ұсынысымызды айттық. Дәріханаға кірсеңіздер, бір көрсетілген бағаны көрмейсіздер. Тек алып, кассаға барғаннан кейін айтады бағасын. Сондықтан мына тауарларға бағасын қойса деп жаздық.