Премьер-министр құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды. Құжатта бұзушылықтардың алдын алу, ерте ескерту, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және қауіпсіздік инфрақұрылымын дамытуға басымдық берілген. Бұған дейін бірнеше арнайы заңа қабылданды. Оның ішінде сталкинг пен некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жоспары және агрессорларға психологиялық көмек көрсету ережелері бекітілді. Сондай-ақ интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында ұялы байланыс абоненттерін биометриялық сәйкестендіру енгізілді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Сонымен қатар жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституцияда құқықтық мемлекетті нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және кез келген құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» орнықтыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» үстемдігі негізгі қағидаттардың бірі ретінде көрініс тапқан. Заңнамалық деңгейдегі жаңалықтардың бірі – құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарына барлық мемлекеттік органдарды, азаматтарды және жергілікті қоғам өкілдерін тарту
Биыл қылмыс 9% төмендеді
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, заңнаманы жетілдіргелі Қазақстанда жасалатын қылмыс саны азайыпты. Былтыр ол 6%-ға төмендепті. Осы жылдың 1 тоқсанында 9%-ға азайған.
Жиын соңында Премьер-министр жекелеген өңірлерде полицияны жабдықтандыру бойынша шаралар кешігіп отырғанын сынға алды. Әкімдіктерге барлық жоспардың орындалуына жан-жақты талдау жүргізіп, биыл оларды жүзеге асыруды тапсырылды.