2026 жылдың 1-тоқсаны бойынша өлшемшартқа іліккен азаматтардың деректері мемлекеттік кірістер органдарына жолданды. Яғни әңгіме 3 ай ішінде 100-ден астам адамнан 1 миллион теңгеден көп қаражат түскен шоттар туралы болып отыр. Екінші деңгейлі банктер тек ЖСН мен жалпы айналым сомасын ұсынады, ал банк құпиясы сақталады. Мәліметтер негізінде камералдық бақылау жүргізіліп, сәйкессіздік анықталса, салық төлеушілерге хабарлама жіберіледі. Бақылау көлеңкелі экономиканы азайтуға бағытталған. Сондықтан туыстар мен достар арасындағы жеке аударымдар есепке алынбайды.
Ерсайын Көптілеуұлы, ҚР ҚМ МКК Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы:
- Хабарламаны алған күннен кейін 30 жұмыс күннін ішінде орындау қажет. Хабарламаны орындау болып, егер де хабарламамен келіскен жағдайда тиісті салық есептерін тапсыру болып табылады. Ал егер де келіспеген жағдайда, келіспейтіні жөнінде түсінік беру қажет. Бұл ретте хабарламаны уақытылы орындамағаны үшін, не болмаса, берген түсініктемені мемлекеттік кіріс органдары келіспеген жағдайда салықтық тексеру тағайындалуы мүмкін.