Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар үшін жауапкершілік барын кезекті рет еске салды. Мамандар: «Жарылғыш зат қою немесе өзге де қауіптер туралы тіпті әзіл-қалжың ретінде мәлімет таратуға болмайды», - дейді. Ол үшін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған. Жалған ақпаратты байланыс құралдары, интернет-ресурстар, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тарату фактілері тіркелуде. Ондай хабарламалар жаппай эвакуацияларға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медициналық және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмысының тоқтауына әкеледі. Сондай-ақ шұғыл қызметтердің тексеру жүргізуіне себеп болады.
Айта кетейік, негізсіз ақпаратты таратқан тұлғалар қазір заманауи құралдарды қолдану арқылы анықталады.