Қызылордада жаңа театрдың құрылысы басталды

  • 9
  • 21.04.2026, 21:43

Қызылорда қаласында академиялық музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мәдениет ошағы бой көтеретін жерде капсула салу рәсімі өтті. Жоба Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. 510 орынға арналған театр ғимараты заманауи дыбыс жүйесімен және соңғы үлгідегі сахналық жабдықтармен қамтылады. Бұл жоба облыстық драма театры әртістеріне ауқымды декорациялармен қойылымдар сахналауға мүмкіндік береді. Аумағы 11 мың шаршы метрді құрайтын нысан құрылысын қысқа мерзімде аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Хұсейін Әмір-Темір, Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық академиялық музыкалық драма театрының аға режиссёрі:

- Міне, жаңа заманауи біздің мына саябақты жаңартып жатыр. Мына жерде үлкен құрылыстар, үйлер салынып, үлкен бір керемет орталыққа айналдырып жатыр. Соның арасында, соның ортасында біздің театрымыздың ғимараты тұрса, әрине, ол бір көрікті дүние болып шығады деп ойлаймын.