Елде 9 мыңға жуық шақырым жол жөнделеді

  • 10
  • 22.04.2026, 21:35

Бейнекамераларды орнату нәтижесінде республикалық маңыздағы автожолдарда жол-көлік оқиғалары 20 пайызға азайды. Қазір 8 ақылы учаскеде бейнекамералар жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы 16 ақылы учаскеде орнату жоспарланған. Соның көмегімен құқықбұзушылық деректері тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

Айта кету керек, биыл елдегі 8 900 шақырым республикалық автожолдарда түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның 3 400 шақырымы жаңартылса, 324 шақырымы күрделі, қалған 5 200 шақырымы орташа жөндеуден өтеді. 

Дархан Иманашев «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
- Олар: Орталық-Батыс, Қарағанды-Жезқазған, Атырау-Доссор, Қызылорда-Сексеуіл, сондай-ақ Сарыағаш, Қызылорда және Петропавл қалаларының айналма жолдары. Атап өту керек, осы аталған барлық жобалардың құрылысында отандық тауар өндірушілердің материалдарын пайдалану және жергілікті мамандарды тарту көзделген. Сонымен қатар жылдың соңына дейін Ұлытау облысы бойынша 208 шақырым болатын Қызылорда-Жезқазған автожолының негізгі құрылыс жұмыстарын аяқтап, екі облыс арасындағы қозғалысты толықтай ашуды жоспарлап отырмыз.