Алматыда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шахматтан ашық кубогі басталды. Турнирге достастастыққа мүше елдердің Парламент депутаттары мен мемлекеттік қызметкерлері қатысып жатыр. Олардың барлығы әуесқой шахматшылар. Дегенмен кейбір командалардың құрамында бұрын шахматпен кәсіби түрде айналысып, кейіннен саясатқа бет бұрған әлем чемпиондары бар. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтеді. Тоғыз кезеңнен тұрады. Қатысушылар рапид форматында ғана ойнайды. Бұл шахматтың жылдам түрі. Мұндай турнирлер парламентаралық ынтымақтастықты нығайтып, ТМД елдері арасындағы байланысты дамытуға ықпал етеді.
Мейіржан Отыншиев, қалалық мәслихаттың төрағасы:
- Жалпы ТМД елдері депутаттарының саны шамамен 3 мыңға жуық. Осы 3 мыңға жуық депутаттың ішінен шахматтың жанкүйерлері әрі қатысушылары ретінде 60-қа жуық адам қатысып жатыр. Бұл біз үшін тек қана жарыс емес, елдер арасындағы достастық деп қабылдаймыз.
Олег Цепкин, Ресей Федерациясының сенаторы:
- Саясаткерлер арасында мұндай жарыстың өтуі маңызды. Біз, парламентарийлер, ең алдымен саясаткерміз. Дәл осы спорт түрі арқылы шахмат тақтасындағы комбинациялардан туындайтын ең үздік шешімдерді көрсетеміз. Әрине, бұл идеяларды жұмысымызда жүзеге асырамыз. Мұндай шаралар достық қарым-қатынасты нығайта түседі.