Қостанайлық жастар қазақ тілін тегін үйреніп жатыр

  • 8
  • 23.04.2026, 21:50

Қостанай облысындағы шекара маңында тұратын жастардың тіл меңгеруге жақсы мүмкіндігі бар. «Мемлекеттік тілге жеті қадам» жобасы аясында 150-ге жуық өрен, қазақ тілін тегін үйренуде. Мұнда дәрістер классикалық форматта емес, креативті бағытта өтеді. Оқушылар комикс кейіпкерлерін салып, қазақша мәтіндер құрастырады. Ал тілді еркін меңгерген еріктілер жеті ай бойы қатарластарына бағыт-бағдар береді. Жоба жетекшілері, аз қаржымен ауқымды іс тындыруға болатынын көрсетіп отыр. 

Наталья Рамазанова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:

- Талпынысы бар жастарға қолдау көрсетіп, 7 айдың ішінде түрлі лайфхактар арқылы, қазақша сөйлей алатын жастар мотивация беріп, кездесу өткізіп, зум арқылы онымен қоса оқыту лагерін өткізіп, одан кейін мастер класс өткізу арқылы оларға тәжірибе ретінде сабақтарда беріп, жұмыс істедік.