Елде жалақы бойынша берешек 36 пайызға азайды. Сөйтіп 876 млн теңгеден 554 млн теңгеге дейін қысқарды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында азаматтардың 16 мың 726 өтініші қаралып, 1 мың 723 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 2 мыңнан астам заңбұзушылық анықталып, жалпы сомасы 136 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған.
Мейрамбек Ахметов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы:
- Мемлекеттік бақылау шеңберінде қабылданған шаралар нәтижесінде 17,5 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда комитет мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциясын күшейткенін нық айтуға болады. Мысалы, былтыр осы кезеңде 11 мың азаматтың еңбек құқығы қорғалған.