Заманауи техника саны артады

  • 7
  • 27.04.2026, 21:31

Елдегі ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға ден қойылып, саладағы заманауи техникалардың саны артады. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов осы саладағы әлемдік компаниялардың өкілдерімен кездесіп, көпжақты келісімдерге қол қойды. Үкімет басшысы аграрлық сектордың дамып келе жатқанын және Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі бойынша әлемде алтыншы орында тұрғанын айтты. Былтыр жалпы өнім көлемі 9 триллион теңгеден асып, астық жинау 26 миллион тоннаға жеткен. Бүгінде егіс алқаптарында 130 мыңнан аса трактор, 30 мыңға жуық комбайн және мыңдаған тіркемелі әрі аспалы техника жұмыс істеп тұр.

Петер Заксе, John Deere компаниясының ТМД елдері бойынша вице-президенті:

- Біз Қазақстанның халықаралық инвестицияларға және ұзақмерзімді ынтымақтастыққа ашық екенін өте жоғары бағалаймыз. Бүгінде арадағы серіктестік жаңа деңгейде жетті. Қол қойылған стратегиялық келісім бірлескен істе маңызды кезеңге айналды. Соның аясында алдағы жылдары 3 мың техника шығаруды жоспарлап отырмыз.

Ричард Гарольд, Lindsay Corporation вице-президенті:

-Біздің корпорация Қазақстанды суару саласында жоғары әлеуеті бар жаһандық нарықтардың бірі ретінде қарастырады. Біздің озық технологияларымыз, брендіміз және терең тәжірибеміз Қазақстанның басымдықтарын жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдіреміз.