Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, биыл 49 іс-шара іске асады. Алғашқы кезеңде Шымбұлақ аймағы жаңғыртылып, кейін Бутаковка мен Кімасар шатқалдарын дамыту көзделіп отыр. Ал екінші кезең 2027-ші жылы басталады. Келер жылы Пионер мен Ой-Қарағай курорттары дамытылып, аспалы жол жүйесі арқылы біріктірілмек.
Бұл туралы Премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski курортын дамыту – экономика үшін туристер ағынын ұлғайтып, инвесторларды тартуға тікелей ықпал ететін маңызды жобалар екенін айтты. Оларды жүзеге асыру барысы негізсіз созылып бара жатқандықтан жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырылды.