Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың жолын кесті. Күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңыраулар шалудың заңсыз тетігін ұйымдастырған. Атап айтқанда бөгде заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған және арнайы зиянды бағдарламарды қолданған. Осы арқылы 4 миллионнан астам қоңырау шалынып, байланыс операторларына 15 миллион теңге соммасында шығын келтілірген. Тінту барысында техникалық құралдар мен іске қатысты өзге де заттай дәлелдемелер алынды.