Алматы метросына платформалық қорғаныс есіктер орнатылады. «Оған бюджеттен қосымша құн салығын есептемегенде 8 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді»,- деп жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу порталындағы конкурс аяқталғаннан кейін мердігер анықталады. Есіктер тек пойыз тоқтаған кезде ашылады. «Яғни жолаушыларды отырғызу және түсіру барысында ғана іске қосылады. Бұл қауіпсіздікті күшейту үшін қажет»,- дейді мамандар. Мұндай шешім 2024 жылы болған қайғылы оқиғадан кейін қабылданған. Екі жыл бұрын «Абай» станциясында зағип адам рельске құлап, қаза тапқан еді.
Арсен Жангелдин, «Метрополитен» КМК директорының міндетін атқарушы:
- Бастапқыда «Абай» станциясында платформалық есіктерді сынақ ретінде орнату жоспарланған. Ал қалғандары 2027 жылы аяқталуы тиіс еді. Алайда техникалық мамандармен кеңескеннен кейін платформалық есіктерді барлық станцияларда бірден орнату туралы шешім қабылданды. Себебі пойыздардың дәл тоқтауын қамтамасыз ету үшін электрлік жылжымалы құрам жүйесіне қосу қажет.