Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы: Ақтөбеде республикалық флешмоб өтеді

  • 8
  • 28.04.2026, 21:50

Биыл әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, академик Ахмет Жұбановтың дүниеге келгеніне 120 жыл. Қазақ музыкасын зерттеуші ғалымның мерейтойы Ақтөбе өңірінде аталып өтеді. Осынау мерекеге барлық аймақтың хор ұжымдары қатысып, композитордың кеңінен танымал «Ақ көгершін» әнін орындау арқылы республикалық флешмоб өткізеді. Бұл бастама шығармашылық ұжымдарды біріктіріп қана қоймай, музыка арқылы бірлік пен бейбітшілік идеясын насихаттай отырып, ұлы композиторға кең ауқымды форматта тағзым етуге бағытталған ерекше мәдени жоба болмақ.