Елде 130 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатқанына шетелдіктер таңғалады – депутат

  • 6
  • 28.04.2026, 21:41

Еліміз алдағы күндері Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтеді. «1 мамыр жәй ғана мейрам емес, бейбітсүйгіш қазақ елінің татулық пен келісім атты киелі ұғымдарды қалай қадірлеп отырғанының анық айғағы», - дейді Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева. Оның пайымдауынша, қоғамдық келісімді нығайтуға әр адам үлес қосуы тиіс. Әлемдегі түрлі геосаяси қақтығыстар соның дәлелі. Айта кетейік, Наталья Дементьеваның өзі де ел бірлігін арттыруға өз септігін тигізіп келе жатқан жандардың бірі. Ол 20 жылға жуық білім саласында еңбек етіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Өскелең ұрпақтың тәрбиесіне де тікелей атсалысты.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жалпыұлттық келісімге келетін болсақ, ол тек көзбен көрінетін немесе өлшенетін бір құбылыс емес. Бірақ 30 жылдың ішінде 130-дан астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызға біз ғана емес, басқа елдерден келетін азаматтар да таңғалады. Осы этносаралық келісімді сақтау ол – біздің парызымыз.