Биыл 1 шілдеден бастап жаңа Ата Заң ресми түрде күшіне енеді. Конституциялық Сот енді Президенттің өз еркімен отставкаға кетуін куәландыруға және халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігін тексеруге құқылы. Сарапшылардың айтуынша, бұл енді тек бақылау органы емес, Конституцияға жан бітіретін механизм. Ата Заң 1993 жылы қабылданғаны белгілі. 2022 жылғы түзетулерден кейін сотқа 16 мыңнан астам азаматтан өтініш түскен. Соңғы реформа оған тың серпін бермек. Енді конституциялық сот Президент мәртебесі мәселесінде де шешуші рөл атқарады. Осылайша, Конституциялық Сот Ата Заң үстемдігін қамтамасыз ететін негізгі тетікке айналмақ.
Айжан Жатқанбаева, ҚР Конституциялық Сотының судьясы:
- Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету деген бұл барлық қабылданатын нормативтік-құқықтық актілердің ҚР Конституциясының нормасына сәйкес келуін бақылау дегенді білдіреді. Мұны Конституциялық сот қадағалайды. Көп жағдайдың өзгеруіне азаматтардың өтініштері сеп болады. Статистика көрсеткендей, ел азаматтарының 99% астамы өз көзқарастарымен сәйкес келмеуіне байланысты өтініш берген.