Алматы қаласында алты мыңнан аса оқушы бейбітшілік символы көгершінді бейнеледі. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Бірлік – бейбітшілік бесігі» атты шарада оқушылар мен ұстаздар арнайы хореографиялық қойылым көсетті. Жоғарыдан қарағанда көгершін бейнесін анық байқауға болады. «Осы іс-шара арқылы елімізде тұрып жатқан этнос өкілдерінің достығын көрсеткіміз келді»,- дейді ұйымдастырушылар. Ерекше көрініс дрон арқылы таспаланды. Медеу аудандық білім бөлімі ұйымдастырған іс-шараға ата-аналар да атсалысты. Балаларды тасымалдау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша қызметтер жұмылдырылды.
Ақнұр Нұралиева, Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы:
- Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – барлық оқушылардың бүгінгі еліміздің бір шаңырақ астында тұрып жатқан әр ұлыстың тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айқындайтын ерекше күн екенін атап өту. Бұл шара бізде бірінші рет өтіп тұр.
Зулайхо Исмаилова, №56 гимназия оқушысы:
- Бұл флешмоб маған үлкен әсер етті. Себебі мен достарыммен өте жақсы уақыт өткіздім. Менің ойымша осылай флешмоб бәрімізді тату-тәтті жасайды, достықты жақсартады.