Қыркүйектен бастап жұмыс табу жеңілдейді

  • 7
  • 01.05.2026, 21:45

Enbek.kz порталында цифрландырудың жаңа мүмкіндіктері іске қосылады. Яғни жасанды интеллект жұмыссыз деп тіркелгендерге бос орын туралы СМС хабарлама жібереді. Әзірге өтініштерге мамандар жауап береді. Бұл ұзақ уақытты қажет ететін күрделі үрдіс. Жаңа жүйе қазір сынақтан өтіп жатыр. Жалпы жыл сайын 1 млн-ға жуық адам жұмыс іздейді. Мамандар сол өтініштің 70 пайызы нәтижелі аяқталатынын айтады. Жасанды интеллект арқылы бұл көрсеткіш жақсарады дейді мамандар.  

Ерасыл Жұманбаев, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы:

- Мақсатымыз ЖИ арқылы азаматтарға өзінің біліктілігіне сай, тұратын жеріне, мүмкіндігіне сай тұрақты жұмыс ұсыну. Бір-екі жұмыс ұсынған жағдайда біздің азамат бас тартатын болса, онда оқудан өту біліктілігін арттыру курстарын ұсынатын боламыз. Жалпы биылғы жылы 562 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеміз деп отырмыз.