Семейдегі жылу желілері жөнделеді

  • 5
  • 06.05.2026, 19:41

Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 миллиард теңге бөлді. Шаһарда 340 мыңға жуық халық бар. Қаладағы сыртқы жылу желісінің жалпы ұзындығы 325 шақырымды құрайды. Кейінгі жылдары 54 шақырымы ауыстырылып, жөнделген. Нәтижесінде тозу деңгейі 75-тен 58%  төмендеді. Дегенмен әлі де 189 шақырымы тозып тұр. Былтыр қысқа дайындық барысында қаражаттың 70% Үкімет резервінен бөлінген болатын. 

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Үкімет тарапынан Абай облысының жылу желілері мен жылу көздерін күрделі жөндеуге тиісті қаражат бөлініп жатыр. Бұл алдымыздағы жылыту маусымына жақсы дайындалу мақсатында алдын ала тәуекелдерді алу, сосын күрделі жөндеуге қажетті учаскелерін қажетті жөндеу жұмыстарын өткізу. 2,5 млрд қаражат бөлініп жатыр. Осы қаражаттың арқасында осы жылу желілері жөндеу жұмыстарынан өтіп, алдымыздағы жылы Семей қаласының тұрақты жылумен қамтамасыз етуге әсер етеді.