Астанада Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күніне арналған «Таусылмас тағзым» атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Ерекшелігі сол сахна төрінде кәсіби әртістер емес, зейнет жасындағы қарттар өнер көрсетті. Ән айтып, би билеуден өзге соғыс кезіндегі ауыртпалықты бейнелейтін тылдағы өмір мен майданнан баласын күткен ана мен жардың келбетін шебер сомдай білді. Жеңіспен жеткен қуанышты да жеткізді.
Есенбек Мәжитұлы, Ауған соғысының ардагері:
-Әрқашан да еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Елімізде бейбітшілік болсын. Соғыс болмасын. Еліміз Қазақстан әрқашан көркейе берсін. Соған біз Ауған соғысының ардагерлері әрқашан да өз күшімізді саламыз.