Қарағанды мен Ұлытау облыстарында сотталған азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған ауқымды челлендж басталды. Приозерск қаласынан бастау алған эстафета өңірдегі барлық пробация қызметтерін қамтып, Нұра ауданында мәресіне жетеді. Шара аясында есепте тұрған тұлғалар арнайы диктант тапсырып, заңгерлер мен прокуратура өкілдерінен кеңес алады. Бастаманың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу ғана емес, азаматтардың жұмысқа орналасуы мен қоғамға бейімделуіне нақты әлеуметтік көмек көрсету.