Астанада биыл 50 көше жөнделеді

  • 11
  • 08.05.2026, 19:48

Елордада биыл 50 көшені жөндеу жоспарланып отыр. Ой-шұңқырын жамап бітеуден өзге, таңбалау ісі жүреді. Қайым Мұхамедханов көшесінің Шыңғыс Айтматов даңғылынан Қорғалжың тас жолына дейінгі аралығы, сондай-ақ Абайдың 150 жылдығы көшесін салу жұмыстары жалғасады. Нұрғиса Тілендиев даңғылы мен Шабал Бейсекова көшесінің қиылысындағы екі деңгейлі көлік айрығының құрылысын келер жылы аяқтау жоспарда.

Бауыржан Күмісбеков, «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ бас маманы:

-Орындалған жұмыстардың сапасын бақылау үшін басқарма жыл сайын жол активтерінің ұлттық сапасы зертханасы және де техникалық бақылауды қызметтеріне шарттар жасалынады. Егер де ахаулар шыққан жағдайда яғни асфальттың қалыңдығы немесе оның құрамы өтпеген жағдайда бұл жұмыстар қабылданбайды және де мердігер ұйымнан толығымен қайта жасалынатын болады. 10-15 шақты көшелерге өткен жылы қайта жұмыстар мердігер есебінен жасалынған болатын.