Жаз таяп, халық еңбек демалысын жоспарлай бастады. Алматылық дәрігерлер шетелге саяхаттағанда гигиеналық талапты сақтауды ескертіп отыр. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері баспасөз мәслихатын өткізіп, инфекциялық аурулардың алдын алуға қатысты ақпарат берді. Мамандардың айтуынша, индемиялық аймақтың бірі – Үндістан. Ол жақта холера мен ішек инфекциясынан сақтану қажет. Ал, Вьетнам, Тайланд, Шри-Ланка елдерінде масадан Денге қызбасы вирусы жұғуы ықтимал. Эпидемиологтар әлемді алаңдатып отырған хантавирус туралы да сөз қозғады. Хантавирустың негізгі тасымалдаушылары – кеміргіштер.
Жайдаркүл Отарбекова, қалалық СЭБД аса қауіпті инфекциялар мен туберкулёзді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы:
- Өршуінің себебі – лайнердегі жағдай. Яғни, бір-бірімен тығыз қарым - қатынаста болуы. Каютада болуы. Яғни, ұзақ уақыт адамдар бір-бірімен қатынаста болған кезде жұғады. Біздің елімізге келу қаупі өте төмен. Себебі шекаралық аймақта санитарлық карантиндік бақылау пунктері жақсы жұмыс жасайды. Алғашқы ауру белгілері бар кезде сол оқшаулау мүмкіндіктері бар.