«Қазақстанда жасалған» таңбасына қойылатын талаптар енді тек сауда желілеріне ғана емес, онлайн платформаларға да қолданылмақ. Еліміздің Сауда министрлігі отандық тауарларды бөлшек саудадан бөлек электронды коммерцияда да ілгерілетуге ниетті. Ведомство басшысының міндетін атқарушы Айжан Бижанова мәлімдегендей, бұл отандық өндірушіні қолдау саясатының бір парасы. Заңнама қазірдің өзінде сауда орындарындағы сөрелердің кемі үштен бірінде қазақстандық тауарлардың болуын міндеттейді. Оның сыртында Даму қоры арқылы қолдау бағдарламасы аясында өндірілген өнімдер сөрелердің 20 пайызын құрауы тиіс. Осылайша отандық өндірушілердің үлесі 50 пайызға жуықтайды. Ал қазақстандық тауарларды шетқақпайлайтын сауда орындарына айыппұл қарастырылған.
Айжан Бижанова, ҚР Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы:
- Қазір Агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімдерден әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының ішінде импорттың үлесі азайып жатқанын көріп отырмыз. Егер былтыр, оның алдыңғы жылдары 67-70 пайыз көлемінде болса, бүгінде 90 процент шамасында.