Жаңа Конституция – сапалы заңдардың кепілі

  • 5
  • 13.05.2026, 19:36

Экономика, қоғам дамыған сайын заң да заман талабына сай болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция – елдегі заңдардың сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Құжатта мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артып, азаматтарға берілетін әлеуметтік кепілдіктер күшейтілген. Сондай-ақ адам құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Жалпы негізгі құндылықтар айқындалған.   

Сарапшылар жаңа Конституция тек құқықтық құжат емес. «Ол ел болашағына жасалған инвестиция», - дейді. Ата заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау күшейтілді. Заң қабылдау кезінде халық мүддесі бірінші орынға қойлады. Сол үшін заңдар ашық талқыланып, қоғам пікіріне көбірек назар аударылуда. 

Айтуар Қошмамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Бірнеше конституциялық заңға өзгеріс қабылданып, атқарылып жатқан маңызды жұмыс. Мәжіліс пен Сенаттан арнайы комиссия құрылып, әр жаңа бойынша 4 адамнан тағайындалып, қазір тығыз жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Референдумның артынша Мәжіліс 6 конституциялық заңды қарауға алды. Бірлескен отырыстар, комиссиялардың жұмысы, сарапшылармен талқылау үздіксіз жүргізілуде. Бұл жаңа Ата заң күшіне енгенге дейін атқарылып жатқан шаруа. Депутаттар: «Оан кейінгі кезеңде де заңдардың сапасы жақсара түседі», - дейді. 

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әр министрлік қазір өздерінің заңдарын, бұйрықтарын, Үкіметтің қаулыларын, Президенттің жарлықтарын Конституция тұрғысынан сүзгіден өткізіп жатыр. Болашақта барлық кодекстер, одан кейін барлық заңдар өзгеріске түседі. Заңдар өзгеріске енетіні анық нәрсе. 

Егер заң әділ, түсінікті және халыққа тиімді болса, қоғамда тұрақтылық орнайды, дамуы жеделдейді. Қазақстандағы жаңа Конституциялық өзгерістер де дәл осы бағытты көздейді. Алда қабылданатын заңдар енді азаматтардың әлеуметтік жағдайын, еңбек құқығын және еркіндігін қорғауға негіз болмақ. 

Ердәулет Ыбырайұлы, Тайыр Мерекенов