Елордада оқушыларға Конституцияның жаңа нормаларын түсіндіруге арналған конференция өтті. Іс-шараны «АMANAT» партиясы мен №111 мектеп әкімшілігі ұйымдастырды. Конституция азаматтардың білім алуға және медициналық көмекке қатысты негізгі құқықтарын қорғайтыны айтылды. Сонымен қатар оқушыларға экологиялық мәдениет пен табиғатты аялауға қатысты конституциялық қағидалары түсіндерілді.
«Заң талаптары сақталуы үшін әр азамат өз құқығы мен міндетін білуі қажет», - дейді ұйымдастырушылар.
Данара Жомартова, №111 жалпы білім беретін мектептің директоры:
- Конференцияның басты ерекшелігі – биылғы үлкен науқан болған жаңа Конституцияның тек құқықтық құжат ретінде қарастырмай, осы орта білім беру жүйесінде күнделікті мәдени өмір ертінде қалыптастыру. Біз осы құндылықтарды оқушылардың ой електерінен өткізіп, санасына қалыптастыру үшін ұйымдастырып отырмыз. Жалпы қазіргі таңда оқушылар өздерінің мектепте алған білімін күнделікті өмірде қолдануы тиіс.