Отырыс соңында сенаторлар Үкіметке өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады. Олар теміржол арқылы жолаушылар тасымалын жақсарту, елдің төтенше жағдайларға дайындығын арттыру және коммуналдық каналдарды бетондау мәселелерін көтерді.
Халық қалаулысы Руслан Рүстемовтың айтуынша, Сырдария өзені бассейніндегі 15 нысанның тозығы жеткен. Бұл су шығынын арттырып, белгілі деңгейде қауіп төндіреді. «Жағдайды түзеу үшін республикалық бюджеттен немесе халықаралық ұйымдар арқылы қаржы тартылса», - дейді депутат. Облыста барлығы 268 мың гектар суармалы жер бар.
Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Өзен суының 90 пайыздан астамы республикадан тыс жерлерден келуі себебінен Арал, Сырдария бассейн аумағындағы екі аймақтың ішінде Қызылорда облысы су тапшылығынан ең ауыр зардап шегіп отыр. Жалпы ұзындығы 16 мыңнан асатын шақырымды құрайтын суару жүйелері бар. Аталған каналдардың барлығы 1960 жылдары пайдалануға берілгендіктен бүгінгі күні техникалық жағдайы өте төмен.