Робот-ассистент операция жасауға көмектеседі

  • 5
  • 14.05.2026, 19:49

Ортопедтерге роботтар тізе және жамбас буындарын эндопротездеуде көмектеседі.

Алматыдағы №7 қалалық клиникада шеберлік сағаты ұйымдастырылып, Біріккен Араб Әмірлігінің білікті маманы Джонатан Конрой төл тәжірибесімен бөлісті. Білікті дәрігер цифрлық жоспарлау мен навигация мүмкіндіктерін үйлестірудің қыр-сырын үйреткен. Ол буындарды эндопротездеу бойынша барлығы 5 мыңнан астам операция жасаған екен.

Джонатан Конрой, ортопед-хирург, БАӘ:

- Мако жүйесі хирургті алмастырмайды. Керісінше оның роботтандырылған көмекшісі. Бұл технология ортопедиялық операцияларды жоғары дәлдікпен жүргізуге көмектеседі. Жүйе науқасты операцияға алдын ала дайындап, оның анатомиялық ерекшеліктеріне сәйкес жоспар құруға мүмкіндік береді. Робот-ассистент хирургке қай жерден кесу керектігін дәл анықтауға көмектесіп, аз инвазивті араласуды қамтамасыз етеді.