Биыл «Ата-аналар академиясы» жобасының ауқымы кеңейеді

  • 9
  • 15.05.2026, 19:48

Психолог, дәрігер, заңгер, медиатор сияқты мамандар тұрғындарға кеңес береді. Сондай-ақ өңірлерде отбасын қолдау орталықтарының қызметі жетілдіріледі. 

Бұл туралы Отбасы күніне орай Астанада өткен халықаралық форумда айтылды. Жиынға Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері мен БҰҰ-ның өкілдері қатысты. Олар отбасын қолдау орталықтарының қызметі, қабылдаушы кәсіби отбасылар институтын дамыту, ажырасудың алдын алу сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Форум аясында салада жоғары нәтиже көрсеткен мекемелер мен үздік қызметкерлер марапатталды. Сонымен қатар «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы салтанатты түрде бастау алды.

Снежанна Имашева, ҚР Отбасы мәселелері жөніндегі уәкілі:

- Отбасыны қолдау орталықтарының сарапшылары мен басшылары өзара пікір алмасу үшін жиналып отыр. Себебі бұл орталықтар екі-үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір аталған институт қалыптасу кезеңінен өтіп жатыр. Дегенмен, оның маңызы өте зор. Мұндай орталықтарда отбасылар медициналық, құқықтық және психологиялық көмек секілді жан-жақты қолдау ала алады.