Жасөспірімдерге арналған «Досым» чат-боты тәулік бойы көмек көрсетеді

  • 5
  • 15.05.2026, 19:53

Егер балалар мен жасөспірімдер психологиялық қысымға ұшыраса, «Досым» Telegram чат-ботына жүгіне алады. Ол тәулік бойы тегін жұмыс істейді. Бұл туралы Қостанай облысында өткен «Заң мен тәртіп жолында бірге» ата-аналар жиналысында айтылды.

Биылғы жылғы 11 мамырдан бастап 1 апта бойы өткен іс-шараға 20 мыңға жуық ата-ана, сондай-ақ құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау саласы, төтенше жағдайлар бөлімдері мен ішкі саясат және дін саласының мамандары қатысты. Кездесуде жасөспірімдер арасындағы нашақорлық, лудомания және компьютерлік тәуелділіктің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ата-аналарға кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруіне және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарына баруына қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары түсіндірілді.