Түркістан облысының Жетісай ауданында қауын пісті.
Жергілікті шаруа Әл-Фараби Күзенбаев биыл 40 гектар жерге қауынның «Нұр-Бакинка» сортын еккен. Ақпан айының соңында отырғызылған көшеттер ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты 80 күнде дайын болды. Сұранысқа сәйкес, дайын өнім Мәскеуге жөнелтілуде. Шаруа ешқандай алыпсатарсыз, қауынның әр келісін егістік басынан 650 теңгеден сатып жатыр.
Айта кетейік, биыл аудандағы суармалы жердің 14 мың гектарына қауын, 3 мың гектарына қарбыз дақылы егілген.
Әл-Фараби Күзенбаев, шаруа:
- Су биыл жақсы болды. Судан қиыншылық көрген жоқпыз. Су үзілген жоқ. Уақытылы суғарып отырдық. Сол судың арқасында қауынды ерте шығарып, осындай өнім алып отырмыз. Біздің ауданымызда бұл алғашқы қауын болып тұр ғой. Қазір де енді қауынға тағы су ашамыз. Су жақсы.