Агрорлық секторда фитосанитарлық қауіпсіздікті күшейту үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданған жөн. Басқа да бүрку технологиялары мен мобильді роботтың да тиімділігі зор. Бұл туралы Алматыда өткен жиында сала мамандары айтты. Өсімдік ауруларынан қалай қорғануға болады? Ауыл шаруашылығы мен ғылымның байланысын қалай дамытқан жөн?
Ғалымдардың айтуынша, ең алдымен салаға техниканың тілін білетін мамандар керек. Ауыл шаруашылығында кәсіби кадрлар бар. Бірақ олар соңғы үлгіде жасалған құралдар бұзылып қалған жағдайда жөндей алмайды. Ал жаңа технологияны тиімді қолданғанда жердің құнарлығын сақтап, жоғары нәтижеге қол жеткізеді.
Амандық Төлешов, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы президентінің орынбасары:
- Цифрлық технологияға байланысты компьютерлер, одан кейін гендік инженерия — осының барлығы цифрлық технологиямен тығыз байланысты. Барлық егіс аймақтарын мониторинг жасап, бақылап отыру керек. Сол үшін үлкен жасанды интеллектке сүйенген бағдарламалар жасалады.