Биыл Құрбан айт мерекесі 27 мамыр басталады

  • 5
  • 18.05.2026, 19:57

Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал.

Биылғы Құрбан айт мерекесі 27-ші мамыр күні басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үндеу жасады. Ол кәсіпкерлер мен шаруалардан мереке кезінде құрбандық малының бағасын қолдан қымбаттатпай, азық-түлік өнімдеріне жеңілдік жасауға шақырды. Құрбандық шалу үшін Астана мен Аламты қалалары  және облыс орталықтарында арнайы орындар бекітіліпті.

Сондай-ақ әдеттегідей, онлайн тапсырыс беру арқылы құрбандық шалу мүмкіндігі жасалыпты. Ол үшін qurban.muftyat.kz платформасы іске қосылған. Әр өңір бойынша жауапты тұлғалар мен мал бағасын сол жерден білуге болады. Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген, жолаушы емес мұсылмандарға құрбандық шалу – міндет.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

- Етін көмекке мұқтаж адамдарға тарату, қонақ күтіп үлкеннің батасын алу, сыйлық беру, ренжіткен жанды кешіру, отбасын қуанту секілді амалдар – дәстүрімізде қалыптасқан ізгі құндылықтар. Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады. Мәдени-рухани кештер өткізіледі.