Қазақстандық бітімгерлер елге оралды

  • 8
  • 20.05.2026, 19:40

Таяу Шығыстағы қазақстандық бітімгерлер бүгін елге оралды. Бұл Голан жоталарындағы бітімгершілік миссияға қатысқан екінші ұлттық контингент. Алматы әуежайына әскерилерді күтіп алуға жиналғандардың қарасы көп. Бірінің әке-шешесі, енді бірінің сүйікті жары мен балалары келді. Барлығының көзінен сағыныш ұшқыны байқалады. Бүгін бір жылға созылған уайымның тарқаған күні. 139 бітімгер мінген ұшақ аман-есен әуежайға тұрақтады. Бұл әскерилердің қызметі ел қарулы күштерінің халықаралық беделін арттыруға ықпал етті.

Еркебұлан Қадышев, ҚР Ұлттық бітімгершілік контингентінің аға атқышы:

- Бітімгершілік миссиясынан аман-есен, өз туған жерімізге, елімізге оралғаныма өте қатты қуаныштымын. Бұл миссияда бізхалықаралық дәрежеде өз мемлекетіміздің абыройын көтеріп, асқақтатып келдік деп ойлаймын.