Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан мұнай-химия кластерінің орталығына айналады

  • 613
  • 20.05.2026, 19:33

Қазақстан болашақта мұнай-химия кластерінің орталығына айналады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жылына 10 миллион тонна өңдейтін ірі мұнай өңдеу зауытын салу жұмыстары қолға алынды. Энергетика министрлігінің дерегінше жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу басталды. Алты ай ішінде халықаралық инжинирингтік команда кешенді алдын ала зерттеулер жүргізеді. Техникалық және экономикалық параметрлері ұсынылады. Соның қорытындысына сәйкес Үкімет халықаралық инвесторларды тарту және зауыт құрылысын бастау туралы шешім қабылдайды.